Қазақстандық спортшы «Мәскеу түбіндегі ұрыс» ережесіз жекпе-жегіне алғаш рет қатысады

Ермек Тілеуовтің қатысуымен өтетін бұл жекпе-жекті «Ресей 2» телеарнасы 23 ақпан күні аАтана уақытымен 21:45-те көрсететін болады.

«Sports.kz» интернет-порталына берген сұхбатында ол өзі туралы, спорттағы жетістіктері, «Алаш Прайд» клубы, алдағы жекпе-жегі жайында сыр бөліскен.

Тараз қаласының тумасы он жыл грек-рим күресімен айналысты. Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы болды. Қазір аралас жекпе-жек ұрыс түрлерімен айналысуда.

«Мәскеу түбіндегі ұрыс» - беделді турнир, оған Америка мен Еуропаның күшті ұрыс шеберлері қатысады. Ресейлік жанкүйерлер әзірше қазақстандық жекпе-жек спортшыларын білмейді. «Осы турнирде өз өнерімді ортаға салып, біздің жерлестеріміз де осындай сайыстарға түсе алатынын көрсетсем деймін», - деді Ермек.