Қазақстандық спортшы қыздар өрт сөндіру-құтқару спортынан өткен әлем біріншілігінде жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы медальды өрт сөндірушілер эстафетасында еншіледі. 4х100 метрлік жарысты жерлестеріміз 65,52 секундта аяқтады. Алғашқы екі орын ресейлік спортшылардың еншісіне бұйырды.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, қазақстандық құрама қатарында Камила Баранник, Наталья Герасименко, Александра Гулюкина мен Марина Колотова өнер көрсеткен.

Бүгін оныншы әлем чемпионатының соңғы күні.


Бұған дейін хабарланғадай, жарысқа әлемнің 14 елінен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Оған Қазақстанның атынан екі ерлер құрамасы мен әйелдер командасы қатысты. Еліміздің қыздар құрамасы әлемдік додаға тұңғыш рет қатысып отыр.