Онда Bushido FC 47 нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегі бойынша Әлем чемпионатының жеңімпазы, көпшілікке «Найман» деген бүркеншік атпен танымал Қуат Хамитов (70 кг) 19 қыркүйекте Жапонияның Токио қаласында болатын «Zst» нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің әлемдік жүлдесіне қатысатын ең мықты сегіз спортшының қатарына қосылатын болады. Онда келесі күні «Rings» нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегі бойынша Әлем чемпионатында Қазақстаннан үш спортшысы бақ сынайды. Олар «Alash Pride KZ» командасының капитаны «Арыстан» деген бүркеншік аты бар Аслан Тоқтарбаев (61 кг) және «Арлан» Ержан Естанов (66 кг) пен «Томанго» Асиф Тагиев (85 кг).
Аслан Тоқтарбаев - "ISCP" нұсқасындағы кәсіби панкратионнан және Bushido FC (Қазақстан, Алматы қ.) нұсқасындағы ММА аралас жекпе-жегінің қазіргі Әлем чемпионы. Оның қарсыласы кәсіби кикбоксинг бойынша әлем чемпионы, «Zst» нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің үш дүркін Әлем чемпионы жапондық Кейсуки Фужиуара болмақ. Ержан Естанов болса "ISCP" нұсқасындағы кәсіби панкратион бойынша Әлем чемпионатының ақтық мәресіне шыққан және «NOFC» нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегі бас жүлдесінің жеңімпазы, Bushido FC 50 Әлем чемпионатының жеңімпазы. Оның қарсыласы еркін күрес бойынша Жапонияның 3 дүркін чемпионы, Сиднейдегі жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы (2000 ж.), K-1 Heros нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің және «Dream» нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің Әлем чемпиондары «кішкентай Геркулес» деген лақап аты бар Казюки Миата (Kazuyuki Miyata) болғалы отыр. Асиф Тагиев - К-1 бойынша Азия чемпионы, Bushido FC 50 нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің Әлем чемпионатының жеңімпазы, Bushido FC 51 нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің әлемдік чемпионатының жеңімпазы. Ол спорттық самбо бойынша Жапонияның 4 дүркін чемпионы, дзюдо бойынша Жапонияның 2 дүркін чемпионы, "Martial Combat 10" қолма-қол ұрысы бойынша және "Shooto" нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің Әлем чемпионы, "Road FC" нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің әлемдік бас жүлдесінің және "Dream нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің әлемдік бас жүлдесінің жеңімпазы, "Dream" нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің кәсіби жарысының бірнеше дүркін жеңімпазы жапондық Шунго Оиамамен (Shungo Oyama) күш сынаспақ. Сондай-ақ Bushido FC 50 нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің әлемдік чемпионатының жеңімпазы, Bushido FC 51 аралас ММА жекпе-жегінің әлемдік чемпионатының жеңімпазы «Қазақ» Қайрат Ахметов (57 кг) қараша айында «Zst» нұсқасындағы аралас ММА жекпе-жегінің Әлем чемпионатына қатысатын болады.