Қазақстандық спортшылар ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 10 медаль иеленді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша 1-ші орынды иеленді.

Осылайша, 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков пен 102 келіге дейінгі салмақта Никита Әбдірахманов алтын медаль иеленді.

Екі спортшы да серпілісте және қос жарыста алтынға ие болды. Күміс жүлдені Нұрдос Сабыр (89 келіге дейін) мен Таисия Алексеева (64 келіге дейін) алды.