Азиада ұйымдастыру комитетінің ресми сайтындағы ақпарға қарағанда, Д.Кудрин «1,5 мың метрлік қашықтықты 1 минут 47,37 секундта жүріп өтіп, Азия континентінде болмаған рекорд орнатты».
Бұрынғы рекорд - бұдан 1,76 секунд артық болатын.
«Бұл жарыс бойынша күміс медаль оңтүстіккорейлік спортшы Мо Тэ Бумуға (Mo Tae Bum) бұйырды.Үшінші орынды да Оңтүстік Корея спортшысы Ли Кью Хьюк (Lee Kyou Hyuk) жеңіп алды», - делінген хабарламада.
22 алтын, 18 күміс, 15 қола медалі бар Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орында келеді.