"2009 жылы Қазақстандық спортшылар әлем чемпионаттарында 93 медаль жеңіп алды, соның ішінде олимпиадалық спорт түрлері бойынша 6 алтын, олимпиадалыққа жатпайтын спорт түрлері бойынша 16 алтын жүлде жеңіп алды. Бұл - отандық спорттың даму тарихындағы рекордтық көрсеткіш", - деді Т. Досмұхамбетов.
Сөйтіп, министрдің айтуынша, Қазақстан олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұтып алынған алтын медаль саны бойынша әлемдік рейтингте 16-шы орынға ие болды.
"Өткен жылы қол жеткізілген табыстар еліміздің спортшыларына 2012 жылы Лондонда өтетін кезекті ХХХ жазғы олимпиада ойындарында табыс көрсетуге алғышарт болмақ", - деді ол.