Caravan Logo

Қазақстандық спортшылар Пекиндегі Олимпиадаға 81 лицензия алды

Қазақстандық спортшылар Пекиндегі Олимпиадаға 81 лицензия алды

"Бүгінгі жағдаймен Қазақстандық спортшылар 16 спорт түрі бойынша Пекиндегі Олимпиадаға қатысуға құқық беретін 81 лицензия алды ", - деді вице-министр.

"Маусымның аяғына дейін олардың саны 20 спорт түрі бойынша 100 - 110-ға дейін өсуі мүмкін", -деді Қ. Өскенбаев.

Оның атап көрсетуінше, "осыған байланысты министрлік отандық спортшылардың сайыстарына тұрақты талдау жүргізіп, олардың дайындық деңгейін одан әрі жақсартуға жан-жақты шаралар қолдануда". Атап айтсақ, "жоғары орынға шыға алуы мүмкін 34 үміткер іріктеліп, олармен жеке келісім-шарттары жасалды".

Вице-министр үкіметтің қаулысымен спортшы мен оның жаттықтырушысына бірінші орын үшін $250 мың, екінші орын үшін $150 мың, үшінші орын үшін $75 мың көлемінде бір мәрте сыйақы тағайындалғанын еске салды.