Қазақстандық спортшылардың Паралимпиадаға қатысатын күндері белгілі болды

Қазақстанды аталған жарыстарда бірінші рет спортшылардың рекордтық саны - бес адам таныстырады. Олар шаңғы жарысы мен биатлонға қатысады. Команда құрамында Александр Колядин, Жаңыл Балтабаев, Елена Мазуренко, Қайрат Қанафин мен Ерлан Омаров бар.

8 наурыз. Биатлон. 7,5 шақырым, көру қабілеті нашар ер адамдар (Қайрат Қанафин).

10 наурыз. Шаңғы жарыстары. Классикалық стильмен тұрып 20 шақырым (Александр Колядин).

12 наурыз.  Шаңғы жарыстары. Еркін стильмен тұрып бір шақырымдық спринт (Александр Колядин, Елена Мазуренко, Қайрат Қанафин).

Отырып 1 шақырымдық спринт (Жаңыл Балтабаева).

16 наурыз. Шаңғы жарыстары. Еркін стильмен тұрып 10 шақырым (Ерлан Омаров).


10 шақырым еркін стильмен, көру қабілеті нашар адамдар (Қайрат Қанафин).

5 шақырым тұрып еркін стильмен (Елена Мазуренко).

5 шақырым отырып сырғанау әйелдер (Жаңыл Балтабаева).

Қазақстан құрамасын Сочиге шығарып салу рәсімі өткен. Паралимпиадалықтарға жолға шығар алдында мәнерлеп сырғанаудан Сочидегі олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен сәттілік тіледі. Жарыс алдындағы соңғы дайындықтары Сарбаздар шатқалындағы шаңғы-биатлон кешінінде өтті. Сол кезде Сочиде ресми түрде паралимпиада ауылдары ашылды.