Қазақстандық студенттер 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытылады

Қазақстанда орта білім беру ұйымдары 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін каникулға шығады.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Хабар 24.

«16 наурыздан бастап колледждер мен жоғарғы оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білім беруді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстырылады», - деді ол.