Қазақстандық студенттер Әлем чемпионатынан күміс және қола медальдар иеленіп қайтты

Жарысқа 30 елден 276 спортшы қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Моңғолия, Молдова, Иран, Польша, Франция, Канада, Жапония, Италия, Сингапур, Чехия, Финляндия, Австралия, Швеция, Швейцария, Германия, Кипр, Бразилия, Австрия, Корей және т.б. елдердің спортшылары өзара сынға түсті.

Стенд ату бойынша олимпиадалық тәртіптегі траншеялы стенд жаттығуында қыздар арасында Анастасия Давыдова 84 ұпай есебімен күміс медальды жеңіп алды.

Осы жаттығу бойынша Қазақстан құрамасы мына құрамда: Анастасия Давыдова, Мария Дмитриенко және Оксана Ставицкая қола медальға ие болды.

Ерлер арасындағы дубль-трап жаттығуы бойынша командалық есепте Максим Коломоец, Виктор Хасянов, Андрей Могилевский үшінші орынды жеңіп алды.

Командалық есепте дөңгелек стенд жаттығуы бойынша әйелдер арасында Эльвира Акчурина, Ангеолина Мищук және Жания Айдархановалар жүлделі екінші орынды иеленді.

Оқ ату бойынша 50 метр қашықтықта жатып мылтық атудан 699,5 ұпаймен Александр Ермаков күміс медаль иегері атанды.

МВ-9 жаттығуы бойынша Александра Малиновская 592-30 есебімен екінші орынға табан тіреді. Командалық жалпы есепте МВ-9 жаттығуы бойынша Александра Малиновская, Елизавета Лунина, Юлия Хлызова жеңіс тұғырына көтерілді.