деп хабарлады Қазақ гуманитарлық-заң университетінің баспасөз қызметінен.
«Университеттер арасындағы парламенттік пікірсайыстан Еуропа чемпионаты әлемдегі ең мәртебелі пікірсайыстардың бірі. Онда Еуропаның беделді жоғары оқу орындарының үздік студенттері бас қосады. Ағымдағы жылы мұндай ауқымдағы шараға алған рет Қазақ гуманитарлық-заң университетінің студенттері Диляра Аленова мен Ұлпан Қабиева қатысады», - делінген хабарламада.
Университеттің хабарлауынша, турнир барысында қатысушылар адам құқықтарын сақтау құндылықтарынан бастап, саяси аренадағы соңғы оқиғалардың шешімін іздеуге дейінгі қазіргі заманның өзекті проблемаларын талқыға салады.