Қазақстандық суретші Юлия Исмамбетованың көрмесі өтеді

Көрмеге автордың 40-қа жуық жұмысы қойылады. Суреттер ұлттық нақышта салынған. Автордың айтуынша, осы бағыттағы жұмыстары тек қазақстандық өнертанушылар тарапынан жақсы бағаланып қоймай, әлемдік жетекші мамандарды да таң қалдырған.

Лондондағы әйгілі Christies аукцион үйінде өткен 2008 жылғы қайырымдылық аукционында автордың «Салт аттылар» суреті 30 000 фунтқа сатылған.

Юлия Исмамбетова 1973 жылы Алматы қаласында дүниге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың көркем-графика факультетін бітірген. Осы оқу орнында 1996-1998 жылдары еңбек еткен. Ал, 1998 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағына мүше. Жібек графикасы техникасымен жұмыс істегеніне 15 жылдан асқан. Арнайы 8 көрме өткізген. Сондай-ақ, республикалық және халықаралық жобаларға қатысқан.