деп хабарлады ҚР Таеквондо федерациясының баспасөз қызметінен.
Әйелдер арасында 73 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан спортшымыз Феруза Ергешова бастапқы кездесулерін өте сәтті бастады. Ол Корея, Франция спортшыларын, жартылай финалда АҚШ өкілін жарыс жолынан ығыстырды. Ал ақтық кездесуде 2012 жылғы Олимпиада чемпионы сербиялық Мандич Милисаға 0:9 есебімен ұтылып қалды.
Қазақстан ұлттық құрамасы үшін Ферузаның бұл жеңісі өте маңызды. Өйткені, бұған дейін жарыс жолына шыққан спортшыларымыздың барлығы да жеңілістің ащы дәмін татқан еді. Алда әлі де 2 жарыс күні бар.