Бұл туралы продюссер, актер Нұртас Адамбай Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
"Бүгін түнде біздің тамаша актер Дархан Дайырбек көз жұмды.
Біздің студия барлық туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Дархан аға әрқашан өте көңілді және мейірімді болған. Осылайша, біз оны есте сақтаймыз.
Даке, барлық рөлдеріңіз үшін, жұмысқа, адамдарға деген көзқарасыңыз үшін рахмет.
Иманды болыңыз", - деп жазды актер.
Қаралы хабарды естіген желі қолданушылары да марқұмның туыстарына көңіл айтып, актердің талантын еске алды.
"Ойбай! Сондай керемет және талантты актер еді... Өте өкінішті. Арты қайырлы болсын", "Бұл қалай болғаны... Қандай актер еді... Өте өкінішті... Сөзім жоқ. Иманды болсын", - деп жазды олар.