Қазақстандық тәртіп сақшылары Польшада оқитын болады

Сапар барысында Қазақстандық өкілдер қазіргі заманғы трансшекаралық ұйымдасқан қылмыс қаупімен күрес мәселесіне арналған халықаралық жиынға қатысты. Оған Еуроодақ пен ТМД елдері құқық қорғау мекемелерінің жетекшілері мен Интерпол өкілдері қатысты. Трансшекаралық ұйымдасқан қылмыс проблемалары мен онымен күрестегі халықаралық ұйымдардың ролі туралы А.Шпекбаевтың жалпы отырыстағы баяндамасында көтерілген бірқатар ұсыныстар конференцияның қорытынды құжатына қамтылды.

Сапар аясында А.Шпекбаев Польшаның ұлттық прокуроры, Польша бас прокурорының орынбасары Карол Напирскимен кездесті. Кездесу барысында тараптар халықаралық қылмыстар қаупіне бірлесе қарсы тұру, қылмыскерлерді іздестіруде өзара қолұшын беруге құлшыныс танытты.