Қазақстандық тау шаңғышылары Азиада ойындарында тағы бір алтын мен күміс қолаға ие болды

Азиада ұйымдастыру комитетінің ресми сайтындағы хабарламаға сәйкес, қазақстандық тау шаңғышысы Людмила Федотова алтын медаль жеңіп алды. Екінші орын Оңтүстік Корея спортшысы Джон Сараға бұйырды. Үшінші орынды қазақстандық Ксения Строилова иеленді.

Осылайша, жалпы есепте бірінші орында тұрған қазақстандық құрама команданың қоржынында 53 медаль бар, оның 21-і алтын, 17-сі күміс, 15-і қола медаль.