"Министрлік отандық ақпараттық кеңістікті қорғау мақсатында заңдардың сақталуын қадағалау үшін БАҚ-тарға мониторинг жүргізуді одан әрі жалғастырды. Тұтастай алғанда қазір отандық телеарналардың эфирінде шетелдерде өндірілген өнімдердің басым түсу ағымы, қолданыстағы БАҚ туралы заңмен реттелмейтін жасырын ретрансляция сақталып отар деуге болады", - деді Е. Ертісбаев.
Оның айтуынша, министрлік қалыптасқан ахуалды түзету , "соның ішінде заңнамалық деңгейде" түзету бағытында бірқатар шаралар қолданды. Нәтижесінде, министрдің айтуынша, "телеарналарда тілдік норманы сақтау мәселесі бойынша біршама ілгерілеушіліктер байқалды".
"Қазақ тіліндегі сапалы бағдарламалардың саны арту ағымы байқалады", -деді Е. Ертісбаев.