Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде топ жарды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Кай Чжанды (АҚШ) 3:1, Сянцзин Чжана (АҚШ) 3:0, Хармит Десай (Үндістан) 3:1, Штеффен Менгель (Германия) 3:1, Жоао Монтейруды (Португалия) 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, бес кездесуінде де жеңіске жеткен Кирилл Герасименко алтын жүлдегер атанды.