Қазақстандық теннисші «Barcelona ladies Open» теннис турнирінің екінші айналымына шықты


ҚР Теннис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, WTA рейтингінде 51-сатыда тұрған қазақстандық алғашқы айналымда 147-орында келе жатқан тайпейлік Кай-Чен Чангты 6:3, 2:6, 6:2 есебімен ұтты. Ұлттық рейтингтік көшбасшысы Я. Шведованың екінші айналымдағы қарсыласы енді италияндық Роберта Винчи болмақ. Әлемдік рейтингте бұл спортшы 42-сатыда тұр. Ол бұған дейін испандық Сильву Солер Эспинозудан 6:2, 6:3 есебімен басым түскен болатын.