Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. 2 сағат 40 минутқа созылған тартысты ойын барысында жерлесіміз WTA рейтингінде 25 орында тұрған ресейлік спортшы Марья Кириленконы 1:6,7:5,6:4 есебімен ұтты.
Енді жартылай финалға жолдама алу үшін қазақстандық спортшы итальяндық
Сара Эрранимен немесе жапондық Аюми Моритамен ойнайды.