Ақтық сында Гозаль Ұлыбритания өкілінен - 3-6, 6-3, 6-3 есебімен басым түсті. Алғашқы кезеңде жерлесіміз түркімендік теннисші Джахана Байрамовадан 6-4, 6-3 есебімен озды. Екінші кезеңде үндістандық Рикетха Перейрамен кездесті. Кездесу - 6-1, 6-2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Чикалкинаны 6-4, 6-2 есебімен артта қалдырды. Ал жартылай финалда Гозаль ресейлік Ралина Калимуллинамен қайта ойнауға тура келді. Есеп - 7-6(1), 6-4.