Қазақстандық теннисші Г.Воскобоева Сиднейдегі турнирдің дәрежелік 3-ші кезеңіне шықты


1969 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын қаңтар айында өтетін бұл байрақты бәсекенің жүлде қоры ерлер арасында 372 500, әйелдер арасында 600 мың долларды құрайды. Онда 1-ші раундан өткендер - 805, 2-ші раундтан өткендер - 1 450, үшінші раундқа шыққандар 2730 доллар сыйақы алады. Бұл дәрежелік сайыстардан сүрінбей өткен 6-12 қаңтпар күндері жарыстыңғ негізгі кестесінде бақ сынайды. Өткен жылы бұл турнирде ерлер арасында финляндиялық Яркко Ниеминен, әйелдер арасында белоруссиялық Виктория Азаренко жеңімпаз атанған еді. Ал жұптық сайыста ерлер арасында американдық Боб Брайан мен Майк Брайан, әйелдер арасында чехиялық Квета Пешке мен словениялық Катарина Среботниктің мерейі үстем шыққан болатын.