Қазақстандық теннисші Канадада өтіп жатқан «Rogers Cup» турнирінің 3-ші айналымына шықты

Жүлде қоры 2 миллион доллардан асатын бұл дүбірлі додада WTA рейтингінде 135-ші сатыда тұрған Галина Воскобоева үздіктер қатарындағы бірқатар спортшылардан басым түсті. Мәселен негізгі кестеде 1-айналымда франциялық Марион Бартолиды 2:0, 2-айналымда итальяндық Флавио Пеннеттен 2:1есебімен басым түсті. WTA рейтингіне көз жүгіртсек Марион 9-шы, Флавио 25-орында тұр. Галина енді әлемдік рейтингте үздік бестікті түйіндеп тұрған ресейлік Мария Шараповамен кездеседі. Қазақстандық теннисші жарыстың іріктеу кезеңінде бұған дейін Катарина Бондаренко (2:1) мен Анастасия Севастоны (2:0) жарыс жолынан шығарған болатын.