Қазақстандық теннисші Катардағы турнирде жеңімпаз атанды

Г.Айнитдинова финалда үш сетте чех Наталья Калмунзерованы 4:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Сонымен бірге Айнитдинова өзінің жерлесі Милана Лысовамен жұптасып, осы турнирдің жұптық разрядында да жеңіске жетті. Шешуші жекпе-жекте олар Лалита Девараконд (Үндістан) пен Лусиану Рабинестің (АҚШ) интернационалдық дуэтін ұтып шықты.

Турнирдегі жеңісіне дейңн Гөзал Айнитдинова жартылай финалда турнирдің 8-ші ракеткасы Лусиану Рабинесті 6:3, 6:1 есебімен, ширекфиналда Венгриядан Панна Увардудан басым түскен болатын. Екінші айналымда британдық Алис Мкгинтуды, ал матч басында француз Лаура Шанюонды тізе бүктірді.

«Team Kazakhstan» ойыншысы  Г. Айнитдинова бұдан бұрын Әбу-Дабидегі жасөспірімдер арасындағы халықаралық туринирде жеңіске жеткен болатын.