Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Испанияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратты.

Кеше Кукушкин мен ресейлік Теймураз Габашвили жұбы алғашқы айналымда испандық Гильермо Гомес-Диас пен Микей Сулеу жұбын 7:6, 6:3 есебімен ұтты.

Енді олар келесі айналымда да испандық Роберто Батиста-Агут пен Иван Наварро жұбымен ойнайды.