деп хабарлайды ҚР теннис федерациясының ресми сайты.
Михаил Кукушкин (АТР рейтингсінде 65-ші) екінші айналымда өзінің жұптық сындағы әріптесі АҚШ теннисшісі Алекс Богомоловтан (АТР рейтингсінде 37-ші) тартысты өткен матчта үш сетте - 4:6, 6:3, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.
Еске сала кетейік, қазақстандық спортшы аталмыш турнирдің жұптық сындарында да өнер көрсетуде. Кукушкин мен Богомолов жұбы бірінші айналымда ресейлік теннисшілер Игорь Куницын және Дмитрий Турсунов дуэтін 7:5, 3:6, 10:8 есебімен ұтқан болатын.
Бүгін қазақстандық-мерикалық жұп ширек финалда өзбекстандық Денис Истомин мен ресейлік Михаил Елгинге қарсы тұрады.