Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ыстамбұлдағы ATP Челленджер сериялы турнирінің ақтық сынында жеңіліп қалды

Ыстамбұлдағы ATP Челленджер сериялы турнирінде М.Кукушкиннің жолы алғашқы айналымда чехиялық Ян Хернушамен (6:4, 6:3), екінші кезеңде неміс Денис Гремельмайермен (6:3, 6:1), ширек финалда ресейлік Константин Кравчукпен (6:2,6:2) және жартылай финалда португалиялық Фредерико Джилмен (7:5, 6:4) түйісіп, барлық ойындарда да жерлесіміз жеңіске жетті.

Алайда, финалда Қазақстаннан келген теннисші Маннаринодан үш сетте - 6:4, 3:6, 6:3 есебімен тізе бүкті. 2008 жылы Англиядағы Челленджер сериялы турнирінің алғашқы айналымында осы екі ойыншы кездескен болатын. Ол кезде де Маннарино М. Кукушкиннен (6:2, 6:4) айласын асырған еді.