Қазақстандық теннисші М.Кукушкин Санкт-Петербордағы АТР сериясы турнирінде жеңіске жетті

Кеше жарыстың көшбасшысы саналған 28 жастағы ресейлік Михаил Южниймен кездескен қазақстандық спортшы екі сетте 6:3, 7:6 есебімен басым түсті. Осылайша АТР турнирінде алғаш рет жеңіске жетіп отырған М.Кукушкин 113 мың долларлық жүлде қорын қанжығасына байлады.

Айта кетейік, жартылай финалдық ойында украиндық Илья Марченкомен бақ сынасқан М.Кукушкин 6:3, 6:4 есебімен басым түскен болатын.

St.Petersburg Open (Санкт-Петербор Опен) - бұл 1995 жылдан бастап Санкт-Петерборда өтетін ерлер арасындағы теннис турнирі.