Қазақстандық теннисші қыздар Федерация кубогында Өзбекстаннан басым түсті

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанмен кездесуді Ксения Первак бастаған болатын. Ол Абдураимованы 6:0, 6:4 есебімен түзе бүктірді. Келесі матчқа Қазақстанның бірінші нөмірлі ракеткасы Шведова мен өзбектің үздігі Аманмурадова шықты. Текетіреске толы ойында қарсылас айласын асырған еді.

Осылайша кездесу тағдыры Астанадағы жұптық ойында шешілетін болды. осы матчта Шведова мен Воскобоева 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.