Қазақстандық теннисші қыздар Федерация Кубогында жеңіске жетті

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Ксения Первактың жеке ойындағы жеңісі мен Ярослава Шведованың жеңілісінен кейін қазақстандық құрама аталмыш топта жеңіске жету үшін жұптық жарыста бар күшін салуға міндетті болды. Команда капитаны Юрий Карлов кортқа Галина Воскобоева мен Ярослава Шведованы шығаруды шешті.

Ноппаван Лертчивакарн мен Варатчай Вонгтеанчайға қарсы кездесу қазақстандық жұп үшін оңай болмады. Бірінші сетте Шведова мен Воскобоева 2:6 есебімен жеңіліп қалғанымен, кейін жарыс барысын өзгертіп, 6:2, 6:0 есебімен қарсыластарының қолдарынан жеңісті суырып алды.

Қазақстан Үндістан мен Таиландты жеңіп, топта көшбастады. Енді Федерация Кубогының екінші Әлемдік тобына шығу үшін бақ таластырады.