Бірінші айналым матчында 18 жастағы жерлесіміз америкалық теннисші Кристиной МакХэйлді ұтты. Еске салсақ, америкалық Кристиной МакХэйл әлемдік рейтингте 35-і ракетка саналады. Ал біздің Путинцева WTA рейтингінің 122-і сатысында тұрғанын ескерсек, бұның өзі үлкен жетістік.
Ойын барысына келейік: алғашқы сетте қазақстандық теннисші қыз басымдықты уыста ұстай білді және бірінші партияны 6:1 есебімен аяқтады. Екінші кезекте 20 жастағы америкалық бар күшін сарқа жұмсағанымен, ойында басымдық таныта алмады. Екінші сеттегі есеп - 7:0. Ал шешуші үшінші партияда Путинцева есепті 6:2-ге жеткізіп, бүкіл матчты жеңіспен қорытындылады.
Енді Мельбурндегі турнирдің келесі айналымын жерлесіміз испандық Карла Суарес Наварромен өткізеді. Путинцеваның бұл жолғы қарсыласы итальяндық теннисші Сара Эрранидың жолын кескен болатын.