Қазақстандық теннисші Воскобоева Мароккодағы ITF Casablanka турнирінің жартылай финалына шықты

Ширек финалдық матчта қазақстандық спортшы румыниялық қарсыласы Александра Кадантаны 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда жерлесіміз турнирдің бесінші ракеткасы – итальяндық Анна Флориспен кездеседі.

Ширек финалдағы жеңісіне дейін Воскобоева ITF Casablanka турнирінің екінші раунд ойынында француз Кристина Младеновичтан екі сетте 7:5, 6:4 есебімен басым түскен болатын. 11 сәуірде бірінші айналымдағы кездесуде перуандық Бианка Боттоны 6:1, 6:7, 6:1 есебімен жеңген.

Турнирдің сыйақы қоры - $25 мың.