Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Уимблдон турнирінде жұптасып ойнаудан ширек финалға шықты

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Я.Шведова мен автриялық Джулиан Кноул үшінші айналым ойынында бразилиялық Бруно Суарес пен тайпейлік Су-Вей Хсьехті 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Ширек финалда олар бүгін американдық Лис Раймонд пен оңтүстік африкалық Весли Мудимен кездеседі.

Сонымен қатар қазақстандық тағы бір теннисші Михаил Кукушкин Германияда өтіп жатқан жүлде қоры 106500 евроның құрайтын Челленджер сериясында екінші айналымға шықты. Алғашқы айналымда испандық Габриэло Тражильо-Соллераны 6:0, 3:6, 6:4 есебімен жеңген спортшымыздың келесі қарсыласы неміс Жаан-Фредерик Бранкен.