Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова «Үлкен дулыға» турнирінде жұптасып ойнаудан жартылай финалға шықты

Бұл ақпаратты еліміздің Теннис федерациясы таратып отыр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Я.Шведова мен американдық Вания Кинг словениялық Катарина Среботник пен чехиялық Квета Пешке жұбын 3:6,7:5,6: 3 есебімен ұтты. Олардың ендігі қарсыластары американдық жұп Лизель Хубер мен Бетани Маттек-Сандс.

Сондай-ақ бүгін Уимблдон турнирінде Я.Шведова мен австриялық Джулиан Кноул жұбы американдық Лис Раймонд пен оңтүстік африкалық Весли Мудимен ширек финалда кездеседі.