Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-та өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы халықаралық теннис сайыстарын аяқтады

Ересектер арасындағы сайысқа қатысушы 15 жастағы теннисші қыз турнирдің бірінші раундын табысты аяқтап, корт қожайыны Моника Яжиманы 6:1; 6:3 санымен жеңген болатын. Екінші айналымда ол Ресейлік теннисші Анна Маренкомен бақ сынасып, бірінші сетте 4:6 санымен жеңілсе, бұдан кейінгі екі сетте 6:2, 7:5 сандарымен жеңді .

Ал үшінші айналымда ол Чехиялық Мартина Бореканы қатаң сайыста тізе бүктірді. Ширек финалда Зарина Диас Литвалық Ивета Дапкутені жеңді.

Бірақ жартылай финалда Ұлыбританияның Хизер Ватсон есімді теннисшісінен жеңілді.