Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин ATP St. Petersburg Open сериялы XIV халықаралық турнирге табысты қатысуда

Федерация мәліметінге, А. Голубев квалификациядан өтіп, сайыстың басты сеткасына шықты. Бірінші матчта ол бельгиялық Оливье Рохусты 6:1, 6:4 санымен жеңді.

Бүгін ол танымал ресейлік теннисші Марат Сафинмен күш сынасады. АТР рейтингінде ол 31-ші орында.

Ал Михаил Кукушкин бүгін Румыния спортшысы Виктор Ханескумен ойнайды.