Қазақстандық теннисшілер тайпейлік спортшыларды 3:0 есебімен жеңді

деп хабарлады Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Бірінші кездесуде 17 жасар қазақстандық Зарина Дияс Тинг-Фей Жуанды 6:0, 6:2 есеппен жеңіп, құраманы алға шығарса, екінші кездесуде Сесиль Каратанчева Чин-Вей Чанды 6:2, 7:6 есеппен жеңді.

Ал жұптық ойында қазақстандық спортшылар Сесиль Каратанчева мен Галина Воскобоева Тинг-Фей Жуан/Ю-Лин Миаоның жұбынан басым түсті. Осылайша, «Қазақстан - Қытайлық Тайпей» кездесуінің қорытындысы 3:0 есебімен аяқталды.

Жұма, 4 ақпан күні Қазақстан құрамасы өзі өнер көрсетіп жатқан «В» тобында Оңтүстік Корея командасымен күш сынасады.