Бұл ақпаратты Қазақстан Теннис федерациясы таратып отыр.
Алғашқы айналымда қазақстандық теннисші испандық Иван Наварроны 6:3, 7:6 есебімен ұтты. Оның келесі айналымдағы қарсыласы аргентиналық Карлос Берлок.
Сонымен қатар еліміздің тағы бір теннисшісі Юрий Щукин Германиядағы Челленджер сериясы турнирінің екінші айналымына жолдама алды. Ол алғашқы айналымда неміс Андреас Бекті 3:6, 6:3, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Келесі айналымда қазақстандық теннисші украиндық Иван Сергеевпен ойнайды.