Қазақстандық төлқұжат Орта Азияда ең “мықты” деп танылды

Азаматтарға визасыз кіруге мүмкіндік беретін елдер саны бойынша жасалған тізімде, Қазақстан біраз елдің алдын ораған. Бұл ретте біздің ел 56 орында. Қырғызстан (68-ші орын және емін еркін кіретін 58 ел), Өзбекстан (72-ші орын 54 ел), Түркіменстан (78-ші орын, 48 ел), Тәжікстан (71-ші орын, 54 ел) елдері бізден төмен орналасқан.


Ал ТМД елдері бойынша Қазақстан өз алдына Ресей, Эстония, Украина, Литва, Латвия, Молдова, Грузия елдерін жіберіп алған.

Рейтингтің көш басында Германия тұр. Ол елдің азаматтары 158 елге визасыз кіре алады. Одан кейін Сингапур мен Швеция орналасқан.