Қазақстандық төреші Р. Рысбаев «АИБА-ның бес жұлдызына» ие болды


Жиын барысында әлем елдерінен жиналған төрешілер емтихан тапсырып, әлемдік сындарға төрелік ету құқығын алуға тырысты. Бұл емтиханға қатысқан қазақ төрешісі Рақымжан Рысбаев ең жоғары 35 ұпайды иеленіп, «АИБА-ның бес жұлдызына» ие болды. Қазақ төрешісімен бірге бес жұлдыз аргентиналық Херардо Поггиге де бұйырды, деп хабарлайды «Аламан».