Қазақстандық төрт атлетші Рио-дан шеттетілді

Бұл туралы prosportkz.kz хабарлайды.

Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы (IWF) Қазақстан құрамасына РИО-да өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берді. Бірақ допинг дауына байланысты екі жолдамасынан айырды. Енді қазақстандық зілтеміршілер он емес сегіз спортшы болып Бразилияға аттанады.

Сондай-ақ, допинг қолданған төрт Олимпиада чемпионымыздың (Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова) РИО-ға бармайтыны белгілі болды. Олардың тағдыры алдағы уақытта шешіледі.


Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында шетелдік БАҚ ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бір жылға спорттан шеттетілгенін жазған болатын.