Қазақстандық турист Үндістанда өлі табылды

«Қазақстандық Біржан Өмірзақов елге туристік визамен келген. Ол Вриндаван полициясы учаскесіне қарайтын Никунж Ашрамда кеше кешкілік (8 мамырда) бөлмені жалға алған»,-деді полициядан.  

Бүгін таңертең ол есігін ашпаған соң полицияға шұғыл хабар берілген. Олар бөлмеде мәйіттің үстінен шықты.

Полицейлердің айтуынша, Қазақстан Республикасының елшілігіне бұл оқыс оқиға жайлы хабарланған. Мүрде мәйітханада.