Онда ел намысын "Жетісу " клубының қыздары қорғайды. Бас бапкер Нелли Щербакова бұл сайыста - Ирина Зайцева, Татьяна Пюрова, Оксана Михолап, Ольга Наседкина, Олеся Арсланова, Коринна Ишимцева, Алена Омельченко, Марина Стороженко, Елена Эзау, Сара Жарлағасова, Инна Матвеева, Ольга Дробышевская, Радмила Береснева мен Людмила Анарбаеваға сенім артпақ. Оған алаң иелерінген бөлек Қазақстан, Қытай, Перу, Иран, Вьетнам, Индонезия, Жапония, Тайпей және Үндістаннан командалар қатысады деп жоспарлануда. Н.Щербакованың тәлімгерлері "А" тобындағы алғашқы кездесуін индонезиялық құрбыларымен өткізеді. Одан кейінгі ойындар Тайланд, Тайпей және Иран елінің спортшыларымен болады. Маусымның 16-сы ширек, 17-сі жартылай, ал 18-і ақтық сынға жолдама алған командалар кездеседі.