Қазақстандық волейболшы қыздар Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастады

Қыркүйектің 12-сі күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсекеде қазақстандық қыздар алғашқы күні алаңға шықпаған болатын. Кеше Жаңа Зелендия елінен келген құрбыларымен кездесіп 3:0 (25:19,25:13,25:8) есебімен ойсырата ұтты. Қарсыластары бұған дейін жарыс қожайындарына да осындай есеппен есе жіберген болатын. Чемпионатты "А" тобында бастаған қазақстандықтар бүгін алғашқы кезеңдегі соңғы ойынын вьетнамдықтармен өткізеді. Азия чемпионатының ақтық ойыны қыркүйектің 20-сы күні болады.

Люмила Перевертова мен Анатолий Дьяченко жаттықтыратын құрама негізінен теміртаулықтардан құралған (Ирина Шенбергер, Екатерина Акилова, Наталья Акилова, Анастасия,Коротких Диана Кавторина, Елизавета Шепеленк). Команда құрамында сондай-ақ, Орал (Зарина Сейітқазинова), Өскемен қалаларынан (Инна Шкурина) бір-бірден және Астана (Валерия Немая, Яна Ягодина) мен Қостанайдан ( Виктория Зацепина, Екатерина Вискова) екі-екі ойыншы бар.