Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия ойындарында Вьетнам құрамасынан басым түсті

Олар Вьетнам құрамасынан 96:78 есебімен (25:19, 21:25, 25:11, 25:23) басым түсті. Геннадий Паршиннің тәлімгерлері алғашқы ойында үндістандықтарға 88:99 есебімен (26:24, 23:25, 18:25, 11:25) ұтылған болатын. Қазақстандықтар бүгін енді Азия ойындарының алғашқы кезеңдегі ақырғы кездесуін Оңтүстік Корея құрамасымен өткізеді. Кореялықтар бұған дейін жалпы есепте вьетнамдықтарды 75:38 (25:12, 25:10, 25:16), ал үндістандықтарды 87:58 (25:19, 25:20, 25:19) етіп ұтқан болатын.