1-4 орындар үшін болған ширек финалда кеше олар жапондық құрдастарына 3:0 есебімен ұтылды. Соның нәтижесінде енді олар жартылай сында Иран, Тайпей және Вьетнам спортшыларымен 5-8 орын үшін таласады. Ал 1-4 орынға Тайланд, Корея, Қытай және Жапония құрамалары өзара сайысқа түсетін болады. Жалпы Тайсанг қаласында қыркүйектің 19-ы күні басталған бұл байрақты бәсекенің ақтық ойындары ертең өтеді.