Қазақстандық волейболшылар әйелдер командалары арасындағы ІІ Азия кубогында үздік бестіктің қатарына енді


Қыркүйектің 19-ы күні жалауын көтерген бұл жарыс 1 аптаға созылды. Онда Ольга Щербакова жаттықтыратын ұлттық құрама сында Вьетнамды 0:3 (21-25, 14-25, 14-25), Тайпейді 2-3 (25-22; 23-25; 25-16; 22-25; 15-17) есебімен ұтып, үздік бестіктің қатарына енді. Ақтық сында Тайланд құрамасын (3:0)жеңген Қытай спортшылары Азия кубогының иегері атанды. Ал үшінші орын болған бәсекеде кореялықтар жапондық көршілерінен 3:0 есебімен басым түсті.