Қазан қаласындағы бұл дүбірлі додаға Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Украинадан 6 команда қатысып жатыр. Онда 13 пен 17 жас аралығындағы мыңнан астам жасөспірімдер спорттың 14 түрі бойынша сынға түсуде. Онда волейболдан Қазақстанның Күленке Губашев жаттықтыратын қыздар мен Григорий Неклюдов бапкерлік ететін ұлдар құрамалары (1993-1994 жылдары туған) Еуразия ойындарының қола жүлдегерлері атанды. Қыркүйектің 4-і күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсеке сенбі күні мәресіне жетеді.