Қазақстандық волейболшылар «Вьетнам телеарнасы кубогы» турнирінде мүмкіндікті қолдан шығарып алды

14 шілде күні басталған бұл байрақты бәсекеде Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы «А» тобында үшінші орын алды. Олар топтық сында тайландтықтарды 3:0, ал солтүстіккореялықтарды ( КХДР) 3:1 есебімен жеңгенімен, кеше жапондықтарға 0:3 есебімен есе жіберіп, жүлделі орындарға таласу мүмкіндігінен айырылды.

Қазақстандықтар Жапония мен Тайланд құрамаларымен бірдей (6) ұпай жинағанмен, ойын партияларындағы доп айырмашылығы жағынан қарсыластарына жол беріп қойды. Бүгін енді «А» тобының жеңімпазы болған Вьетнам құрамасы «В» тобында екінші орын алған КХДР волейболшыларымен, ал «В» тобының үздігі болған Жапония құрамасы «А» тобында екінші орын алған Оңтүстік Кореяның «ІВК» командасымен кездеседі.

Бұл сайыстың жеңімпаздары ертең ақтық ойында кубок иегерін анықтаса, жеңілгендері 3-орынға таласады.