Қазақстандық волейболшылар «Вьетнам телевидениесі кубогы» турнирін сәтті бастады

Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы кеше топтық кезеңдегі алғашқы ойында Тайланд құрамасын (25-18, 26-24, 26-24) айқын басымдықпен ұтты. Бүгін олар КХДР, ал ертең Жапония спортшыларымен күш сынасады. Кеше «Б» тобында өнер көрсетіп жатқан Қытайдың «Jiangsu» мен Оңтүстік Кореяның «IBK» командалары арасындағы ойын 1:3 (17-25, 25-19, 23-25, 23-25) есебімен аяқталды. Ал жарыс қожайындарының құрамасы австралиялықтарды 3:0 (25-13, 25-13, 25-20) есебімен ұтты.

21 шілдеге дейін созылатын бұл дүбірлі доданың жартылай финалдық ойындары жұма күні өтеді. Онда өз тобында үздік шыққандар екінші топта екінші орын алған командамен кездеседі.